Құқық қорғау органдары

Петропавлда интернет-алаяқтық белең алуда

Бірақ, алдымен, шотқа 7 мың теңге комиссия төлеу керектігін ескерткен. Бұдан соң, деректер базасы бұзылып, клиенттерге төлемді қайта жасауды ұсынған. Мұндай қармаққа облыс орталығының бір тұрғыны іліккен. Ол 300 мың теңге көлемінде несие рәсімдемек болыпты.

Гүлмира Сағитова – Петропавл қаласы ІІБ екінші полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің бастығы:

– Жәбірленуші алаяқпен телефон арқылы байланысқан. Нөмірі анықталды. Ол Qiwi-терминал арқылы жалпы сомасы 21 мың 700 теңге салыпты. Бірақ бұдан соң белгісіз азамат телефонын өшіріп тастаған. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал бейқам ер-азамат ақшасынан ғана емес, автомобилінің құжатынан да қағылған. Көлігін жедел түрде есептен шығарғысы келген клиент, қағаздарын фирманың белгісіз бір өкіліне беріпті. Қызмет үшін ол 40 мың теңге төлем де жасаған. Бірақ оған еш қызмет түрі көрсетілмеген екен. Енді істің егжей-тегжейін полицейлер анықтау үстінде. Алаяқтар әлі құрықталмаған.

Гүлмира Сағитова – Петропавл қаласы ІІБ екінші полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің бастығы:

– Қала тұрғындарын сақ болуға шақырамыз. Белгісіз біреулердің жіберген хабарландыруларын дұрыстап тексеріп алыңыздар.

Мамандар қала тұрғындарына алаяқтардың арбауынан сақтануды тапсырады. Ал егер де келеңсіз жағдайға тап болсаңыз, онда бірден полицияға қоңырау шалғаныңыз жөн.

Айгерим Ержанова