МТРА жаңалықтары

Биыл жыр алыбы Жамбылдың туғанына – 170 жыл

Жиынға қатысушы жастар ақынның еңбектерімен танысып, өлеңдерін оқыды. Қазақ даласын жырға қосқан Жамбыл атамыз ақындық өнердің дамуына соны үлесін қосты. Ұлы Отан соғысы жылдары жырымен халықтың жігерін жанып, жүректерінде жеңіске деген үміт ұялатты.

Жанбай Қадыров – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры:

– Ұлы Отан соғысы жылдары жарыққа шыққан ақынның “Ленинградтық өренім” өлеңі отанды сүйуге, жас ұрпақты тәрбиелеуде мәні зор. Жамбылдың шығармашылығын зерттеу қазіргі күні көп ғалымның назарында.

Жамбылдың поэзиясымен сусындап өсіп келе жатқан әдебиетке жақын жастар бұл жиында ақынға арнап шығарған өз өлеңдерін оқыды.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 2-курс студенті Ақниет Қасен мектеп жасынан шығармашылықпен айналысады екен. Жас ақын “Жыр алыбына” арнаған шығармасын шабыттана жазыпты.

Ақниет Қасен – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

 

– Өлеңімде Жамбыл атаның ұлы ақын екені жырладым. Оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін жаздым. Ақынның шығармашылығынан патриоттық тәрбие алуға болады.

Әдеби кеш соңында жастар Жамбылдың өлеңдерін оқыды.

Магжан Ахмадина