МТРА жаңалықтары

Петропавлда Өзіңе жол” акциясы бастау алды

Олардың айтуынша мұздай суға түсу адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Яғни, қыстың аязына қарамай суға шомылсаңыз сізді жыл бойы сырқат алмайды.

Анатолий Фурманюк – “Здоровье” табиғи сауықтыру клубының директоры:

– Суға түспес бұрын әрбір жан үйдегі жағдайда дайындалуы қажет. Яғни, моншада, ваннада салқын су қабылдап денені үйреткен жөн. Бұл сіздің акция кезінде шыдамдылығыңызды арттырады. Шараға қатысушылардың саны жыл сайын артып келеді.

Осылайша, суықта Есіл өзеніне қаламыздың 20-дан аса тұрғыны түсіп көрді.

Салқын суға шомылуға құмар жандардың бірі – Нұрлан Ибраһимов. Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті акцияға осымен 3-інші жыл қатысуда.

Нұрлан Ибраһимов – Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 1-курс студенті:

– Су өзіме жылы болды. Бойымда ешқандай қорқыныш болған жоқ.

Судан шыққан әрбір жанға ұйымдастырушылар сүлгі мен ыстық шай ұсынады. Айта кеткен жөн, аталған акция салауатты өмір салтын насихаттаушы Порфири Ивановтың туылған күніне арналып отыр. Өйткені, ол 1982 жылы су арқылы емделуге болатын “Детка” сауықтыру жүйесін ғылымға енгізген болатын.

Култанов Байболат