Құқық қорғау органдары

Петропавлда «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясы өтуде

Олардың айтуынша, бұндай шаралар жасөсіпірімдердің арасында болатын қылмыстарды азайтуға көмектеседі.

Лариса Лысакова – СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

– Осы акция аясында балалар кәмелетке толмағандарды оңалту орталығында болып, аумақтық бөлімдерді аралады. Тағы флешмоб ұйымдастырылып, соның арқасында біз балғындардың заңды қаншалықты білетіндігін анықтадық.

Осы орайда мамандар қалалық Қазақ мектеп-гиназиясында балалардың қатысуымен ерекше флешмоб өткізген. Шараға жалпы саны 100-ден астам адам жұмылдырылыпты.

Батагоз Кутенова – Қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы:

 

–  Мұндай шаралардың ұйымдастырылуы дұрыс.

Жалпы қаңтар айында Петропавлда жасөспірімдердің қатысымен болған 101 заңбұзушылық анықталған. 44-і факті балалардың түнгі уақытта көше кезуіне байланысты тіркелді.

Магжан Ахмадина