МТРА жаңалықтары

Бос жер учаскелері туралы ақпарат кәсіпкерлер үшін қолжетімді болуы тиіс

Және заңға сәйкес жер-кадастрлық схемалары интернет-ресурстарында ашық жариялануы қажет. Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бұл қадамдар бизнесті өркендетуге серпін береді дейді.

Асқар Махмет – СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім жетекшісі:

– 2015 жылы күшіне енген Жер кодексінінің 44-ші бабындағы өзгерістерге сай елді мекен шегінде бос жер учаскелері туралы ақпарат тұрғындар үшін қолжетімді болуы тиіс. Бұл іске жер комиссиясы араласпайды. Біраз әкімшілік кедергілер алынып, “Бір терезе” қағидаты енгізілді.

Елді мекен шегінде бос жатқан жер учаскесінің аумағын, оның кадастрлық нөмірі мен жоспары, нысаналы мақсаты және жердің кадастрлық құны туралы мәліметтерді ғаламторға
Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің облыстық орталығының қызметкерлері орналастырады. Және мұндағылар ол ақпаратты апта сайын жаңартып отыруға тиісті. 2015 жылдан бері заңды күшіне енген бұл ереже табиғи монополия субъектілеріне де қатысты екен.

Асқар Махмет – СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім жетекшісі:

 

– Өңірімізде 20 шақты табиғи монополия субъектісі тіркелген. Олар да инженерлік коммуникациялық желілердің схемасы мен өндірістің қуатылығы жөніндегі барлық мәліметті үш айда бір рет интернет-ресурстарында жариялауы тиіс.

Бұл бос жерді жекешелендіріп, жұмыс жүргізгісі келетін кәсіпкерлердің ісін біраз жеңілдетер еді.

Берік Қасен