МТРА жаңалықтары

Петропавлда “1+1” ән байқауы бастау алды

Бірақ, көп ұзамай ол Қытай еліне кетіп, болашақ мамандығын аудармашыға ауыстырады. Дегенмен, музыкадан Настя шет елде де алыстаған емес. Бейжің қаласында ол достарымен «Сайна» тобын құрып, рок пен джаз стилінде өнер көрсеткен.

Анастасия Арсамекова – жобаға қатысушы:


–  Өнерге жақын отбасында дүниеге келдім. Ағаларым музыкалық аспаптарда өте жақсы ойнайды. Мен ән айтуды жақсы көремін. Әсіресе, рок пен джаз ұнайды. Негізі Қытайда білім алудамын. Қазір демалыстамын. Бос уақытымды тиімді әрі өзіме пайдалы өткізу үшін осы сайысқа келдім. Қатысушылардың арасында осал еместер де бар екен. Бірақ, ақтық сынға өтетініме сенімдімін.

«1+1» байқауына 18 жастан асқан қатысушылар келуде. Кәсіпкерлер, дәрігерлер, ұстаздар мен такси жүргізушілері де бар арасында.

Ал мына жігіттің оқиғасы тіптен қызық. Сайран Тілеужанов бұл жобаның алғашқы тыңдалымына келген. Дәл сол күні ер азамат жақын досының тойында жігіт жолдас болыпты. Сайыста бағын сынап көргісі келген Сайранға тіпті, үйлену тойынан шамалы уақытқа қашып кетуге тура келген.

Сайран Тілеужанов – жобаға қатысушы:

– Бұл жобаның алғашқы тыңдалымы өтетін күні досымның үйлену тойы болатын. Бірақ, өзіме деген сенімділігімді, музыкаға жақын екенімді дәлелдеу үшін тойдан бірер сәтке қашып кеттім. Бірінші болып ән айтып, кейін жолдастарыма қайтып бардым. Бұдан соң келесі тыңдалымға келуімді сұрады. Жаңа тағы да сахнаға шықтым. Қорытындысына қобалжып отырмын.

Жалпы тыңдалымның бірінші кезеңіне 30-ға жуық өнерпаз келген. Оның тек 10-ы келесі турға өтіп, мықтылардың арасына ілігу мүмкіндігіне ие болған.

Инесса Багинская – қазылар алқасының мүшесі:

– Бүгін тыңдалымның екінші күні аяқталды. Қазір финалға өткендердің тізімін шығарамыз. Келесі турға жолдама алған өнерпаздарға біз «Құттықтаймыз, сіз автобустасыз!» деген қуанышты смс хабарлама жібереміз. Олар бір ай ішінде өңіріміздің музыканттарымен сахнаға шығуға дайындалады. Бастысы – барлығы жанды дауыста болуы шарт.

Жағымды смс хабарлама қатысушыларға түн жарымға шейін жіберілетін болады.

–  Сахна төріне бүгін 20-ға жуық қатысушы шығып, өнер көрсетті. Енді дәл қазір қазылар алқасы бұл өнерпаздардың арасынан шамамен 12 адамды таңдап алмақ. Ал тізімге іліккендер наурыз айында облысымыздың кәсіби музыканттарымен жұп болып, ән айтады. Жеңімпаз есімі де сол жерде белгілі болмақ.

 

Айгерим Ержанова