Қайырымдылық

«Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясы жалғасуда

Евгений Шарапов- Анастасия Шарапованың әкесі:

– Бізді осындай қиын жағдайда қолдап, демеу болғандарға аалғысым шексіз. Қызым ауырып қалғанан бері мектептер, Қазақстан халқы ассамблеясы осындай шаралар ұйымдастырып, қаржы жинауға көмектесіп жатыр. Настяның бауырын алмастыру қажет. Отаны жасау үшін Мәскеудегі клиникалардың бірімен сөйлемтік. 6 млн рубль қажет дейді.

Кішкентай жерлесімізді қолдау үшін өткен аптада әл-Фараби
мектеп- лицейі қайырымдылық эстафетасын Назарбаев зияткерлік мектебіне тапсырған болатын. Осы бір жұманың ішінде оқу ордасында түрлі шаралар ұйымдастырылып, 500 мың теңгеден астам қаржы жиылған.

Гүлжан Жақанова- Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары:


–  Акция аясында біздің мектепте қайырымдылық лоторея өтті. Жәрмеңке өтті. Жаңағы қайырымдылық акциялары біздің балаларды мейірімділікке, татулыққа үйретеді. Және осы акция аясында біздің балалар бір-бірімен бірігіп, тек қана оқушылар емес, ата-аналар мен ұстаздар да осы шараға ат салысты. Ынтымақтастық ұжым қалыптасты.

Ал мектепте апта бойына жалғасқан акцияның соңы қайырымыдылық концертке ұласты. Оған оқушылар белсенді қатысуда.

Оралтай Мукимтаева- Назарбаев зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы:

– Осындай шаралардың өтуі дұрыс деп ойлаймын. Әрбір адамның бойында мейірімділік бар. Әрбір адамның бойында қайырымдылық жасау қасиеті болуы керек.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, осы институт жанынан құрылған аналар кеңесі ұйымдастырған шаралар әлі де жалғасын таппақ. Алдағы уақытта «Қайырымдылық керуені» акциясы өңір аудандарын аралайтын болады.

Магжан Ахмадина