Ауыл шаруашылығы

Өңір тұрғындары құс шаруашылығын дамытуға ынта білдіруде

Осы күні кәсіпкердің иелігінде 200 бас аталық және аналық қаздың 6 түрі бар. Өткен жылы іскер азамат 2 мыңға жуық балапанды күтіп-баптап, күзде Алматы қаласына 6 тонна құс етін жөнелткен.

Қайыржан Рамазанов – “Рамазанов” ЖК басшысы, Қызылжар ауданы:


– Қазды балапан кезінде күтіп-баптау оңай емес. Дәл осы уақытта оларға дәруменге толы азықты көбірек берген жөн. Бұл кейін құстың толыққанды жетілуіне септеседі. Келешекте құс шаруашылығына арналған өз зауытымды ашқым келеді.

“Көппен көрген ұлы той” демекші жерлесіміз иіріп отырған шағын кәсібінің арқасында ауылдастарын да маусымдық жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер қазбен қоса енді етті тауық өсіруді де жоспарлап отыр. Бірақ, оның ойдағысын іске асыру үшін біршама қаражат қажет. Сол себепті, мемлекеттің бағдарламаның көмегіне жүгінсем бе деп жүр. Әзірге, қолда бар ақшасына құсқа керекті шағын қораны жасап та қойған.

Қайыржан Рамазанов – “Рамазанов” ЖК басшысы, Қызылжар ауданы:

– Мына қораға бір мезетте етті тауық балапанының 5 мыңы сыяды. Қазіргі кезде нысан ішін құстарды ұстауға қажетті құрылғылармен толықтай жабдықтау үстіндеміз. Бүгінде балапандарды алдыртуға жергілікті құс фабрикасына өтініш те беріп қойдық.

Сондай-ақ, өткен жылы қызылжарлық кәсіпкер Шаховское селосының маңынан 100 гектар алқап жалға алған. Оған биыл бидай егіп көрмекші.

Бакыт Садуакасов