МТРА жаңалықтары

Петропавлда әуесқоай фотосуретшілердің туған жерлеріне арнаған көрмесі ашылды

Тек қолдарында мылтық емес, олардың қарулары – фотоаппарат. Мәселен, мына марал мен елікті Есіл ауданында кездестіріпті. Көрмеге әр жылдары түсірілген суреттер қойылған. Ең ескісі – мына көжектің фотосы. Ол 2003 жылы зенит атты пленкалы аппаратқа түсіріліпті.

Андрей Красников, әуесқой фотосуретші:

– Мен фотосуретшілікке студент кезімнен, 2007 жылдардан бастап әуестене бастадым. Бұл өнерге баулыған – досым Станислав Губин. Екеуіміз еңбегіміздің нәтижесін жұртшылыққа көрсетуді жөн санадық. Осы үшін өңірдің аудандарын аралаймыз. Мысалы, маралды түсіру үшін ағаш арасына жасырынып, тіпті киімімізді де ыңғайлап кидік. Ендігі арманым бұландарды тауып, фотоаппаратыма басып алу.

Мұнда қызыл кітапқа енген гүлдер де кездеседі. Садуғаш, тоқылдақ, сұр тырна, аққу сынды құстардың ұшып бара жатқан суреттері еріксіз назарыңызды баурайды. Мұның барлығына қарап теріскейдің табиғи бай өлке екенін аңғарасыз. Көрмеге Станиславтың – 40, Андрейдің 38 жұмысы қойылған. Суреттерді қызыға тамашалаған балалар фотосуретшілердің жұмысының ұнағанын айтты.

Айту керек, қос фотосуретші еңбектерін Солтүстік Қазақстанның 80 жылдық, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арнапты. Қызылжарлықтар көрмені 3 апта бойына облыстық бейнелеу өнері мұражайынан тамашалай алады.

Акбопе Танирберген