Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірге «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Мамин келді

Жоба дағдарыстан абдырап қалған зауыттарға үлкен қолдау. Бұл ретте осы саладағы теріскейдің қарқынын байқау үшін өңірге «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Мамин келді. Кездесу «Зиксто» АҚ өтті. Мұнда теріскейдің барлық алпауыт кәсіпорындары жиылыпты. Олар қолда бар мүмкіндіктерін көрсетуде.

Валерий Спицын- «Зиксто» АҚ бас директоры:

– Будандасқан платформалар атты жоба бар. Мұндай жаңашылдық бұрынғы Кеңес одағының бірінде де болмаған. Біз осы іспен алдағы уақытта айналысатын боламыз. Тағы біз жоғары жүк көтергіш жартылай вагондар өндірісін қолға алмақпыз. Қазір темір жол саласын дамытуға басымдық беріліп отыр.

Қазақстан бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке енді. Сондықтан енді азулы елдерге тойтарыс бере алатындай болу керекпіз. Өйтпеген жағдайда экономикамыз құлдырайды.

Асқар Мамин- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті:

– Машина жасау саласын осы өңірде дамту қажет. Сондықтан алдағы уақытта зауыттар цехтарын жаңғыртып, жұмыс күшін осы істі дамытуға бағыттайды деген үміттеміз. Бұл ретте сіздер өзге кәсіпорындармен де тығыз әріптестік орнатуларыңыз қажет.

Мұнда тағы «Мұнаймаш», «Трибо», «Киров» атындағы зауыт пен «ПЗТМ» кәсіпорындары өз өнімдерін орналастырыпты. Олардың басым бөлігі темір жол саласында қолданылатын бөлшек-саймандар. Айталық соңғы зауыт 10 жылдан бері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен жұмыс жасайды. Өткен жылы олар 700 млн теңгенің тапсырысын алған. Биыл бұл көрсеткіш екі есе ұлғаймақ.

Қуаныш Бишімов- «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры:

– Үлкен тендерге қатыстық. Онда 1млрд 400 млн теңге. Сол қаржыны алып жұмыс жасаймыз деген жоспар бар.

Бұл тапсырыстар келешекте тек саланы дамытып қана қоймай, көпетеген солтүстікқазақстандықтарды жұмыспен қамтуға да септеспек.

Магжан Ахмадина