МТРА жаңалықтары

Петропавл тұрғыны “Warhammer” ойыны бойынша 200-ге жуық мүсін құрастырған

Шебердің қолынан шыққан дүниелер бүгінде достары тарапынан үлкен сұранысқа ие болуда. Көздің жауын алатын дүниелер металл, желім және шайырдан жасалған. Шеберге бір бұйымды жасауға шамамен 30 сағат уақыт кетеді екен.

Евгений Молоканов – әуесқой шебер:

– Міне, ең бірінші минутта ойыншықтың материалы осындай болады. Жұмыс барысында қажетті құрал-жабдықтар: тістеуік, қандауыр пышақ, қылауық және түрлі желімдер. Кейін осы материалды бір-біріне жапсырып, өз талғамымыа сай түрлі түсті бояулармен көріктендіремін.

26 жасар Евгений қазірде жұмыстан қол үзіп қалған. Сондықтан уақытының басым бөлігін ойыншық жасаумен өткізіп жүр. Мәселен, ол бүгінгі таңда “Warhammer” ойыны бойынша “хаос” әскерін дайындауда. Бұл пішіндердің арасында ең үлкен қуыршақ – “Маулер Финд” екен.

Евгений Молоканов – әуесқой шебер:

– Қазір “Хаос” атты әскерін жасап жатырмын. Ойынның “Маулер Финд” атты кейіпкері дайын. Ол басқа мүсіндерге қарағанда, пішні бойынша ең үлкені. Бұл ішіне жын кіріп кеткен техника.

Шебердің коллекциясында жалпы 200-ге жуық мүсіндер бар екен. Дайын пішіндердің арасында “Дракон үстіндегі Архимага” атты кейіпкер ғана ұша алады екен.

Евгений Молоконов – әуесқой шебер:

– Бұл “Дракон үстіндегі Архимага” моделі. Жалпы ойыншықты бояуға 30 сағат қажет. Ал, мен тек қана бос уақытымда бұл іспен айналысқандықтан 5 айға дейін созып жібердім. Әрине жұмыс барысы қиын. Көп еңбек ету керек.

Евгений Молоконов бұл ойыншықтардың материалдарын өз қаражатына сатып алған. Көбіне қажетті құрал-жаблықтарды шет елдерден әкеледі. Себебі, біздің жақта бұл іске арнайы жабдықтар өндіретін компаниялар жоқ. Жалпы, шебер мүсіндер коллекциясын сатуға асықпайды. Естелік ретінде сақтағысы келеді екен.

–  Ойынға арналған бұндай пішіндерді кез келген адам жасай алады. Ең бастысы төзімділік пен шыдамдылық және қызығушылығыңыз болса жеткілікті.

Сагыныш Маркашева