МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында “ЭКСПО- 2017” халықаралық көрмесіне қатысты жастар форумы өтті

Авторлары 13 жасар Арман Мағазов пен Қазбек Тоқтаров. 1,5 айдың ішінде жас ғалымдар компьютерлік бағдарламалардың көмегімен үйдің жобасын жасап, жұмсалатын шығынды да есептеген. Құны 307 мың долларды құрайды екен. Екі қабатты баспана шатырда орналасқан арнайы күн батареялары мен жел генераторлары арқылы жылынады. Бұл – экологиямыздың тазалығын сақтауға таптырмас жобалардың бірі дейді өнертапқыштар.

Қазбек Тоқтаров – Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы:

– Ақылды үйде арнайы датчиктер орнатылған. есік сіз келгенде өзі ашылады. Алыста жүрсеңізде өзіңізге телефон арқылы басқаруға болады.

«ЕХРО-2017» көрмесіне қатысу мына тұрған барлық оқушының арманы. Сол себепті олар өз жобаларын одан әрі дамытуға тырысып бағуда. Биылғы оқу жылының өзінде НЗМ-нде жаңадан 15 жоба қолға алыныпты.Ал М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің студенті Арайлым Қалижан болса, Елордадағы маңызды шарада ерікті болып қызмет етпек ниетте. Үш тілді жақсы меңгерген ару бұл жұмысты оңайлықпен еңсеретініне сенімді.

Арайлым Қалижан – М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің студенті:

– Бұл көрмеде біз өз салт-дәстүрімізді өзге елдің халқына таныстырамыз. Мен де үлес қосатыныма қуаныштымын.

Айта кеткен жөн, еріктілер қатарына қосылуға біздің өңірден 500 студент ниет білдіріпті. Бірақ оның 142-сі ғана «ЕХРО-2017» көрмесіне қатысу құқығына ие болған.

Айгерим Ержанова