МТРА жаңалықтары

Фитосанитария мамандары көктемгі егіс маусымына дайындалуда

Мұл маусымға өңір фитосанитарлары қызу дайындық үстінде. Өткен жылы Солтүстік Қазақстанда зиянкестерге қарсы химиялық дәрілеу шаралары тиісті деңгейде жүргізіліпті.

Ерсін Кенжебаев, «Фитосанитария» РММ СҚОФ директоры:

– СҚО-да екі карантиндік объект бар. Бұларға қарсы химиялық жұмыстар мемлекеттік тапсырыс аясында жүргізіледі. Балтыр өңірдің 12 ауданында оған қарсы 31 мың 507 га жерге залалсыздандыру жұмыс жүргізілді. Ал екінші карантиндік объект жатаған укекірегіне 322 мың 2619 га жерге дәрі себілді.

Зиянды жәндіктерді жою үшін дессенлин дәрілік препараты мен аэрозольдік газогенераторлар пайдаланылады. Ырыс дәнінің тамырын кеңге жаюын бөгейтін укекірек арамшөбін жоюда ланс дәрмегі қолданылады. Зиянкестермен күрес жыл сайын мамыр айында басталса, арамшөптерге жаз бойына химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Ал, карантиндік өнімдерге сараптама жергілікті фитосанитария филиалының зерханасында жасалады.

Зертханашы маман Ерлік Есімсейітовтің алдына әр кезде түрлі карантиндік өнімдер әкелінеді. Ол қазір арпаға сараптаманың жасалу жолын көрсетуде. Мұнда астықтың зиянкестерден қаншалықты зақымданғаны анықталады.

Ерлік Есімсейітов, фитосанитариялық зертхана бөлімінің жетекшісі:


– Бізге әр маусымда зерттеу үшін арнайы үлгі әкеледі. Карантинге жататын өнімді, мысалға алсақ, арпаны бірінші арнайы елеуіштен өткіземіз. Онда әр өнімге лайықталған белгілі бір өлшемі бар сеткалар болады. Ол торшалардан өтпей қалған ірі тұқымдарды әрі қарай зерттейміз. Сосын сынаманы фитосанитариялық қауіпсіздік мамандарына жеткіземіз.

Биыл жергілікті фитосанитарлар 326 мың гектардан аса жерге карантиндік зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Қоймалар мен элеваторларға фимигация жасау, яғни зиянкестерге қарсы дәрілеу де олардың міндетінде.

Акбопе Танирберген