МТРА жаңалықтары

Аяғын шалыс басқандарды жұмыспен қамту

Сондықтан форум басталмас бұрын, сотталғандардың туындылары арнайы көрмеге қойылған. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деейді халық даналығы. Осы орайда, бір кездері тағдырдың жазуымен аяғын шалыс басып, темір тордың ар жағына тоғытылған жандар қаншама?! Бірақ олардың қалыпты ортаға оралып, еңбек етуі бүгінгі қоғам үшін маңызды. Мұны өз сөзінде Елбасымыз да айтып кеткен болатын. Ұлт жоспарының 33-і қадамында нақ осы жайтқа баса назар аударған Президент, түрмеден босап шыққан жандарды оңалту мәселесін ойластыруды тапсырған болатын. Бұл жұмыстар қазіргі таңда өңірде жүргізіліп жатыр.

Владимир Бубенко- СҚО әкімінің орынбасары:

– 2015 жылы облысымыздың түзету мекемелерінен 600 адам бостандыққа шыққан. Солардың жартысы бүгіндері теріскейде тұрып жатыр. Жұмысқа орныласақандары да бар. Бірақ бұл көрсеткіш Петропавл қаласында өте аз болып тұр. Небәрі 20 адам ғана. Сондықтан алдағы уақытта аудандар мен қалада оңалту жұмыстарына қарқын қосу қажет.

Ал жазасын өтеп шыққандарды еңбекке тартумен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы айналысады.

Сергей Яковенко- СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы:


–  Өткен жылы 62 осындай азамат жұмыспен қамту орталықтарына келді. Солардың 58-і жұмысқа тұрды. Алайда сотталғандардың көбі еңбек етіп, нәпақа табуға құлықсыз болады. Сондай-ақ нарықтағы еңбек адамына деген сұранысты да ескеру керек. Жазасын өтеп шыққандардың кәсібилігі жұмыс берушілердің талабына сай келмей жатады.

1995 жылы Қазақстан түрмеде отырған жандардың көрсеткіші бойынша әлемде АҚШ пен Ресейден кейінгі 3-ші орында болыпты. Мақтанғандық емес, бүгіндері біз 55-ші орынға тұрақтаппыз. Қадағалаушы орган өкілдерінің айтуынша, бұл жүйелі жұмыстардың нәтижесі. Соңғы жылдары сотталғандардың саны 25 пайызға азайыпты. Әрине бұл бір күндік шаруа емес.

Арай Әлімов- СҚО прокурорының орынбасары:

– Ел бойынша кәсіпкерлер 1800 сотталған жанды жұмыспен қамтыса, біздің өңірде 200 адам ғана. Түзету мекмесінде отырып кәсіпкерлік ашқан жандардың саны қазақстанда 20 азамат болса, бізде 2-і адам. Облыс колонияларында жазасын өтеп жатқан 1100 адам жұмысқа жарамды. Бүгіндері соның 600-і екі қолға бір күрекпен қамтылған. Ол 54 пайызды құрайды. Біз 2017 жылы бұл көрсеткішті 75 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз.

Бүгіннің өзінде жазасын өтеп жатқандардың арасында жұмыспен қамтылғысы келетіндердің қатары артып келеді.

Бөгенбай Жүсіпов- СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi бастығының мiндетiн атқарушы:


– 2014 жылы 506 сотталғанды жұмыспен қамтыдық. 2015 жылы 601 адам жұмысқа тұрды. Ол өткен жылмен салыстырғанда 19 рпайызға көп.

Жазасын өтеп жатқандарды жұмыспен қамтып отырған мекемелердің бірі- «Еңбек- Қызылжар» кәсіпорыны. Олардың цехтарында 193 сотталған еңбек етуде.

Нұрбай Оспанов- ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің «Еңбек» ШЖҚ РМК «Еңбек-Қызылжар» филиалының аға инженері:

– Жылу беру цехында істейді. Жиһаз ,тігін цехы ашылды әйелдер колониясында. Сотталғандардың көбі жұмысқа шықсын деп отырмыз. Олардың мойындарында айппұлдар ба. Соларды өтейді.

Қазіргі таңда облыстың түзету мекмелерінде 8 жеке кәсіпкерлік субъектілері мен 2 ЖШС сотталғандарды еңбекпен қамтып отыр. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш ұлғаяды деп жоспарлануда.

 

Магжан Ахмадина.