МТРА жаңалықтары

Қыс маусымы басталғалы жылу желілерінде бірде-бір апат орын алмады

Антон Федяев- СҚО энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы:

-2016 жылы Петропавл 2-ші жылу электр орталығында №12-ші қазандықты қалыпқа келтіру мен №5 турбинадағы жөндеу шаралары аяқталмақ. Жұмыстарға 9 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Бұл шаруалардың арқасында кәсіпорындағы қуаттылық 541 МВт артатын болады.

Петропавлдағы жылу желілерінің 80 пайызға жуығының тозығы жеткен. СҚО энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының айтуынша, биылғы жылы жүйелердің 10 шақырымға жуығы қалыпқа келтірілмек. Оған 2,5 млрд теңге қаржы бағытталады. Бұдан бөлек брифинг барысында Антон Федяев сумен қамту және елді-мекендерді аббаттандыру шаралары жайлы айтты.

Антон Федяев- СҚО энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы:

-2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бюджеттік несилендіру бойынша 4 жоба жүргізілді. Онда жылу және су желілері қалыпқа келтірілген болатын. 2016 жылы осы бағдарламаның арқасында 7 жоба қолға алынбақ.

Тағы осы жылы қайтарылған ақшаға ТКШ бағдарламасы аясында 4 көпқабатты баспанада жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Қазіргі таңда Петропавлдағы көпқабатты үйлердегі жеделсатыларының да жағдайы көңіл көншітпейді. Баспаналарда 316 осындай қондырғы болса, соның 14 мүлдем жұмыс істемесе, 21-і күрделі жөндеуді қажет етеді.

 

 

Магжан Ахмадина