Білім

Петропавлда физика пәні мұғалімдерінің облыстық байқауы өтті

Нұрикамал Джумабаева – СҚО білім басқармасы білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері:

-Мұндай байқаулар ұзтаздардың біліктіліктерін арттырады. Олар өзара танысып-білісулері арқылы тәжірибелерін жетілдірмек.

Байқауда өзгелермен бірге өз білімін сынға салғандардың бірі – Ақылбек Оспанов. 8 жылдық еңбек өтілі бар екен. Жас маман, бірақ, білікті екенін іс жүсінде көрсетуге тырысып бағуда. Есепті шемішкедей шағады, сонысымен Ақжар ауданында өткен байқауда топ жарып, облыстық жарысқа жолдама алған.

Ақылбек Оспанов – Бестерек орта мектебінің мұғалімі, Ақжар ауданы:

-Байқауға жақсы дайындалдым. Үйде күрделі есептер шығарып жаттықтым. Енді жолым болып жатса бірінші орын алсам деген ниетім бар.

Олимпиаданың үздіктері алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаз өңір намысын республиалық байқауда қорғайтын болады.

 

 

Култанов Байболат