Бизнес және экономика

Мүлік пен қаржыны жария ету акциясының өту барысы

Бақыт Сәбиева, “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ директорының орынбасары:

-Заңға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде қазір ақшаны екi жолмен заңдастыруға болады. Бiрiншiсi, қаражатты есеп шотта көрсетiп, оны 10 пайыздық ақысын өтемей-ақ бизнеске немесе жылжымайтын мүлiктi сатып алуға жұмсауға болады.
Ал екiншi жолы ол ақшаны есеп шотта көрсетпей-ақ заңдастырып, 10 пайыздық ақысын өтеу арқылы жүзеге асады. Екi жағдайда да жария етушi субъект мемлекеттiк кiрiстер органдарына тиiстi декларация тапсыруы қажет.

Мүлікті заңдастыру жөнінде өтініштер ағымдағы жылдың 30-шы қарашасына дейін, ал ақшаны жария ету бойынша желтоқсанның 26-сына дейін қабылданады. Мамандар солтүстікқазақстандықтарға белгіленген мерзімге дейін өздеріне тиесілі ақша мен мүлікті уақытылы рәсімдеп алуға кеңес береді.

-Бүгінге дейін қаржыны заңдастыру акциясы аясында СҚО-да сомасы 267 млн теңгені құрайтын 4 есеп шот ашылыпты. Бұл жөнінен біздің өңір Республика көлемінде 5-ші орында. Айту керек, маңызды науқан 2016 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін жалғасады.

 

 

Акбопе Танирберген