Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Алпамыс Жүсіпов- СҚО индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

-Жоба Петропавл қаласында жүзеге асырылмақ. Құйылған инвестиция көлемі 900 млн теңгені құрайды. Олар 50 келілік қаптардың 12 млн данасын, тағы үлкен сөмкелердің- 600 мың данасын шығармақ. Жоспар жүзеге асса 70 адам тұрақты жұмыс алады.

Кәсіпорын 2017 жылдың басында қолданысқа берілмек.

Асхат Есенов- «SMBGroup Family» ЖШС директоры:

-Қазір өнімді сатуға және жеткізуге қажетті кәсіпорындармен келіссіөздер жасалып жатыр. Ғимарат алынды, онда жаңғырту шаралары жүргізілуде. Бұл біздің облыс үшін жақсы жоба болмақ. Бүгіндері қаржыландыру мәселесі шешіліп жатыр.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

-Тартымды жоба, ең бастысы тоқтап қалмай жұмыс істесе жақсы болар еді. Ол үшін тауарды сату тетіктерін қарастырған жөн.

Бұл жоба кеңес мүшелерінің қолдауына ие болды. Келесі қабылданған тың идея қатқан көкөніс пен ет өнімдерін өндіруге қатысты. Облыс тұрғындары үшін жартылай даяр өнімдер әзірлейтін белгілі «Максимальный размах» маркалы кәсіпорын өз ісін ұлғайтпақ. Ол үшін 4 млрд теңгеден астам қаржы қажет.

Максим Калинин- Максимальный размах Corporation» ЖШС директоры:

-Кәсіпорын жұмыс жасап жатыр. Қолда бар тауарға сұраныс жақсы. Бірақ енді біз істі ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Біз көкөністерді жергілікті шаруалардан алып, тазалап, жуып, кесіп, қаптамаға орап, саудаға шықармақпыз. Қазір фабриканы құруға қажетті жер телімін қарастырып қойдық. Сол жерде 4 өндірістік цехымыз болады.

Жобаның қуаттылығы 7,2 мың тонна болмақ. Ал келесі жоба республикалық индустрияландыру картасына енгізілмек. Ол Тайынша қаласындағы майлы дақылдарды өңдеуге қатысты зауыттың құрылысы. Кәсіпорын 382 мың тонна өнім шығармақ. Ол күнбағыс майы мен рапс өнімдері. Тауардың 30 пайызы экспортталатын болады.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

-Өзімізде өсірілетін дақылдар жеткіліксіз болады. Сондықтан Тайынша екі облысты байланыстырып тұрған аудан ретінде Ақмола облысына шығу мүмкіндігі бар. Темір жол арқылы Қостанай аймағына да жеткізуге болады. Сондықтан зауытты тезірек тұрғызу керек.

Бұл жоба да кеңес мүшелерінің қолдауына ие болды. Айта кеткен жөн, заңнамаға сәйкес, өңірлік индустрияландыру картасының атауы өзгерді. Алдағы уақытта енді ол өңірдің кәсіпкерлікті қолдау картасы болып аталмақ. Жалпы біздің өңір екінші бесжылдықта 60 жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда. Оның құны 100 млрд теңгеден асады.

 

 

Магжан Ахмадина