Құқық қорғау органдары

Петропавда жыл басынан 9 алаяқтық фактісі анықталды

Бұдан соң, олар зейнеткердің жеке куәлігін алып, арнайы құжаттарды рәсімдеп жатқан кейіп танытқан. Кейін, қауіпсіздік үшін Анна Поротиковаға бұл туралы ешкімге тіс жармауын ескерткен. Алаяқтарға тап болуыңыз мүмкін дегенді-міс. Осылайша қария 350 мың теңгесінен айырылған.

Анна Поротикова – зардап шегуші:

-Сіздің ақшаңызды жаңа ақшаға алмастырып береміз. Ескісін жинап, тапсыруымыз керек. Ешкімге айтпаңыз, біреулер сізді алдап-соғып кетуі мүмкін деді олар. Сол себепті тіс жармадым.

Ақшаның қолдан жасалғандығын зейнеткер кешкілік уақытта, баласы жұмыстан келген кезде ғана білген. Бұл өңірімізде орын алған алғашқы оқиға емес. Жақында дәл осындай факті М.Жұмабаев ауданында тіркелген. 75 жасар қария алаяқтарға 140 мың теңгесін ұстатқан. Полицейлер аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сағындық Жантеміров – СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

-Солтүсікқазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырамын. Олар жасанды құжатпен жүреді. Соны ескерген жөн.

Жалпы жыл басынан алаяқтарға облыс орталығының 9 тұрғыны тап болған.

 

 

Айгерим Ержанова