Құқық қорғау органдары

Өңірде “Мигрант” жедел алдын алу шарасы өтуде

Авазбек Сайдазинов :

– разрешения на работу до конца еще не собрали вот по этому мы здесь и находимся. Почему вовремя не собрали?Ну пока туда сюда бегали время тесновато было. Но мы начали работать всего три дня.

Кейін анықталғандай өткен жылы СҚО-на 48 жасар Қырғызстан Республикасының азаматы келіпті. Ол бұл жерде бір дәмхананы жалға алып, әйелі мен әпкесін аспазшы, ал ұлын даяшы қылып жұмысқа орналастырыпты. Ал біздің аймаққа кіргенде олар тиісті еңбек шартын жасатпапты.

Аманбай Құсайынов – СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының взвод командирі:

-ҚР аумағына келгенде жеке іс-сапар деді. Бірақ ағымдағы жылдың 10-шы ақпанынан бастап кафеде заңсыз еңбек қызметімен айналысты. Енді шетелдік азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімі бойынша бір тәулікке қамауға алынды.

Жалпы шара барысында ел аумағына кіру заңдылығын бұзғаны үшін 115 шет елдік азамат ұсталыпты. Сонымен қатар шекара асып келгендерді паналатып, жұмыс берген 20 солтүстікқазақстандық қонақтарын уақытылы тіркемегендері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

 

 

Риат Шони