МТРА жаңалықтары

Облыстық сайлау комиссиясы алғашқы мәлімдемесін жасады

Тізімге алынған үміткерлердің 6 пайызы колледж не университетте оқымаған. Қалғандарының арнаулы немесе жоғары білімі бар. Кондидатурасын ұсынғандардың дені мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, коммерция саласындағылар мен партиялардың өкілдері.

Асқар Сақыпкереев – облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

-Сайлау комиссияларына өтініш берген 90 адам облыстық мәлихаттың депутаты болғысы келеді. 537-сі аудандық мәслихат, 60 жерлесіміз қалалық мәслихаттың депутаты атануға үмітті. Кандидаттардың жартысынан астамы ер азамттар. 33 %-ы – әйел адамдар. Арасында 20 ұлттың өкілі бар. Үміткерлердің орташа жасы 43 те. Араларында бір зейнеткер бар. Кандидатурасын ұсынған 50-ден астам адам ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді.

Қазіргі таңда әкімдіктер берген мәлімет бойынша, 391 300-ден астам сайлаушы тізімге енгізіліпті. Алдағы уақытта кәмелет жасына толатындар бар, сондықтан бұл сан өзгеруі мүмкін. Әзірге сайлау комиссияларының мүшелері үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылуда.

Асқар Сақыпкереев – облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

 

-Қазіргі таңда төменгі сайлау комиссияларының мүшелерін оқытудамыз. Электоралды жұмыстар басталғалы аумақтық сайлау комиссиялары 56 семинар-кеңес өткізді. Алдағы күндері сайлау процесіне қатысатындар үшін 72 семинар ұйымдастырылмақ.

Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес мәслихаттар депутаттығына ұсыну 2016 жылғы 19 ақпанға, ал тіркеу 23 ақпанға дейін жалғасады. Содан кейін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталады. Әзірге жергілікті атқарушы органдар үтіг насихат жүргізетін орындарды белгілеп, уақытын анықтауда.


Берік Қасен