МТРА жаңалықтары

Облыстағы көлдерде аэрациялау жұмыстары жүруде

Бұл Қызылжар ауданына қарасыты Долбилово көлі. Мұнда негізінен торта, табан, шортан және алабұға сынды балықтар мекен етеді. Олардың су астында ауа жұта алмай өліп қалмасы үшін көлде облыстық табиғат ресустары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары екі жерде ұңғыма ойып аэрация жүргізуде.

Дмитрий Бутенко – “Қызылжар орман шаруашылығы” КММ аңшысы:

-Аэрациялауды жүрігзген кезде көл бетінде бірнеше мұзойықтар жасаймыз. Кейін біреуінен екіншісіне су ағатын жол салынады. Сосын күрекпен суды есеміз. Осылайша тіршілік көзі арқылы мұз астына оттегі барады.

Негізі бұл жұмыстар қыс аяқталғанға дейін жүреді. Жалпы облыс аумағында 395 көлдер болса, соның 251-сі жергілікті тұрғындарға ұзақ мерзімге жалға берілген. Қалған 144-і резервтік қорда. Ондағы жұмыстарға тиісті ведомство мамандары жауапты.

Ерлан Тәшімов – СҚО табиғи ресустар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

-Біздің басқарма аудан әкімдіктерімен бірге өңірдегі өзен-көлдерде әрдайым мониторинг жүргізеді. Егерде су астындағы тіршілік көзінің жойылу қаупі туындап тұрса, онда міндетті түрде аэрациялауды жасаймыз. Жалпы мұзды бұрғылаған кезде жағымсыз иіс болса онда ол жерде балықтар үшін қауіп бар деген сөз.

Жалпы мамандар өңірде аэрациялауды наурыз айына дейін жүргізуді жоспарлауда.

 

 

 

Риат Шони