МТРА жаңалықтары

Мамандар балықшыларға мұз бетіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде

Михаил Пильник – балықшы:

-Қазір міндетті түрде өзен жағасына келгенде мұздың қалыңдығын қараймын. Содан соң барып қана ұңғымалар жасап, балық аулауға кірісемін. Осы күндері ауа райы суық болғандықтан аса қауіп туған жоқ. Дегенмен де сақтанған артық етпейді.

Бүгін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қалалық жағажайға келіп рейд ұйымдастыруда. Мұндағы олардың мақсаты – балықшыларға қауіпсіздік шараларын тағы да ескерту.

Мамандардың айтуынша қалалық жағажай – балықшылардың сүйікті орындарының бірі. Мұнда күнделікті су жәндіктерін аулауға 20-дан аса тұрғын келеді екен. Олардың қауіпсіздігі – басты назарда. Өзен бойын құтқарушылар кезекшілік атқарып, жерлестеріміздің амандығын қадағалайды.

Сергей Черкасов – СҚО ТЖД жедел құтқару жасағы басшысы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы:

-Біз көл бетіндегі әрбір балықшыға жадынама таратамыз. Әсіресе, оларға көктемгі уақытта абай болу қажеттігін айтамыз. Қазір мұздың қалындығы – 40 см. Ал, күн жылынғанда 10 см-ге дейін жетеді. Бұл тұрығындар үшін өте қауіпті.

Оқыс оқиға бола қалған жағдайда құтқарушылардың арнайы құралдары да сақадай сай. Олар мұз бетінде емін-еркін сырғанайтын қайықтармен жабдықталған. Оған қоса суды есетін ескектері және алыс қашықтықтан адамды тартып алу үшін ілмектері де бар. Абырой болғанда, өңір аумағында былтырдан бері ешқандай балықшы суға кетпеген.

-Мына ойықты қыстыгүні салқын суға түсуді ұнататын қала тұрғындары қазған. Бұл да балықшылардың өміріне аса қауіпті. Яғни, қараңғыда абайсызда келе жатқан мұз бетінде саят құруды ұнататын жандар суға түсіп кетуі мүмкін. Сондықтан, мамандар апаттың белгісі ретінде қар үйінділерін жасайды екен.

 

 

Култанов Байболат