МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерлікті қолдау шаралары

Влвадимир Ушаков- «Тирус-Авто» ЖК жүргізушісі:

-Мен мұнда кәсіпкерлік ашылғанан бері жұмыс істеймін. Тұрақты мекеме. Жаңа машиналар алдық. Енді жұмыс істеу одан сайын ыңғайлы болып отыр. Алыс жолға шығып тұрамыз. Сондықтан, көліктің жағдайы жақсы болғаны да маңызды.

«Тирус-Авто» ЖК осыдан 4 жыл бұрын істі бастаған уақыттарында оларда небары бір-ақ жүк машинасы болған. Ал бүгіндері кәсіпорынның қарамағында 5 алып машина бар. Олардың барлығы жаңа. Бизнес иесі үнемі «БЖК-2020» бағдарламасына қатысады. Мемлекеттің жобаның пайдасы өте зор дейді мұндағылар.

Ләззат Дәкерова – «Тирус-Авто» ЖК есепшісі:

-Осы бағдарламаның арқасында біз ісімізді ұлғайттық. Өзіміздің логистикамыз, тұрағымыз бар. Жаңадан машиналар алып жатырмыз. 45 млн теңгеден астам сомаға несие рәсімдедік. Оның 7 пайызын мемлекет өтейді.

Кәсіпорын жүк тасымалымен айналысады. Ресей мен Қазақстан арасында халық тұтынатын тауарларды жеткізеді. Қазір мұнда 12 адам еңбек етеді. Келешекте кәсіпкер өзіне тиесілі техникалық байқау станциясын салмақ. Жалпы бүгіндері осы жүк тасымалы саласында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының өңірлік филиалы арқылы өңірде 46 жоба мақұлданған.

Гүлмира Жақыпова – «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры»АҚ СҚО бойынша өңірлік филиалының бас менеджері:

-СҚО-да «Бизнестік жол картасы-2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы бері 47 млрд теңгеге 461 жоба мақұлданған. 2010 жылдан бері кәсіпкерлер алған субсидияларының 3 млрд сомасын қайтарды. Ал «Даму» қоры арқылы 135 кепілдік берілді. Несиелік портфельдің сомасы 5 млрд теңгені құрайды.

Соның 2 млрд теңгеден астамы бүгіндері кәсіпкерлерге пайдалануға берілген.

 

 

Магжан Ахмадина