Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы:

-Бұрынғы тәртіптік кеңестен айырмашылығы бар. Негізінен заңбұзушылықтарға басымдық беріледі. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері халықпен тығыз жұмыс жасайды.

Бүгін алғашқы отырыста кеңестің жаңа құрамы бектілді. Оған мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер, ардагерлер ұйымы, кәсіподақтар кеңесі, БАҚ және мемлекеттік органдардың өкілдері мүшелік ететін болды. Алдағы уақытта олар мемлекеттік органдардың басшыларымен және тұрғындармен етене жұмыс жасамақ. Жиын барысында кеңес мүшелері облыс әкімдігінің Этика бойынша уәкілі Юрий Наумочкиннің жұмысына бағыт-бағдар берді. Ол мемлекеттік қызметшілердің құқығы мен мүддесін қорғайды және пара алып ұсталғандардың жазаланғанын қадағаламақ.

Нұрлан Жахин – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы:

-Кейбір азамттар мемлекеттік қызметшілерді пара алуға итермелеу мүмкін. Кейбір мемлекеттік қызметшілер азаматтарды бопсалау арқылы пара алады. Міне, осыны болдырмау үшін біз мемлекеттік орган басшыларымен бірлесе жұмыс атқарамыз.

Осы жылдан Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО бойынша департаменті мемлекеттік орган басшыларымен бірлесіп бұйрық жасайды. Сол құжат негізінде өз ісін адал атқармаған қызметкерге қатысты тәртіптік жаза қарастырылады.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы:

 

-Мемлекеттік органнның басшысы мемлекеттік қызметке нұқсан келтірген қызметкерге қатысты тиісті шара қолдану керек. Олай болмаған жағдайда біз басшының өзін тәртіптік жауапкершілікке тартамыз.

Егер мемлекеттік қызметкер тәртіп бұзған болса, Әдеп жөніндегі кеңес ондай шенеунікті жауапқа тартуға құқылы. Жаңа заң бойынша құқық бұзып, мемлекеттік қызметке нұқсан келтірген тұлға оған енді қайтып орналаса алмайды.


Берік Қасен