Денсаулық сақтау

Өңірімізде жыл басынан бері 10-нан астам солтүстікқазақстандық АҚТҚ вирусын жұқтырған

Любовь Бунина – СҚО ЖҚТБ алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы эпидемиология бөлімінің меңгерушісі:

-Облыста 1989 жылдан бастап бұл эпидемияны 700 адам жұқтырған. Бүгінде бұл ауруды дәрігерлер қатаң бақылауға алды. Әзірге жағдай бірқалыпты.

Ал клиникалық-биохимиялық зертханасында дәрігерлер тек АҚТҚ (адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы) ауруына шалдыққан емделушілердің сынамасын тексерістен өткізіп тұрады. Кейін шыққан нәтиже бойынша, пациенттерге дәрі-дәрмек жазып береді.

Галина Молчанова – СҚО ЖҚТБ алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының зертханашы-дәрігері:

-Біз өз пациенттерімізді үнемі бақылауда ұстаймыз. Тоқсан сайын сынама алып, тиісті ем жазып береміз. Олар біздің диспансерде қаралады.

Айту керек, вирусқа тексерілу жұмыстары аталмыш орталықта тегін жүргізіледі. Күніне мұнда 20-дан астам адам келіп, денсаулықтарын тексертіп кетеді екен. Өткен жылдың өзінде ғана ақ халаттылар 90 мың солтүстікқазақстандықтан сынама алып, талдау жүргізген.


Айгерим Ержанова