МТРА жаңалықтары

Жастар Елбасы Жолдауын талқылады

Абылайхан Қайроллаев – “Жас Отан” жастар қанатының Петропавл қалалық бөлімінің жетекшісі:

-Шыны керек, Жолдаумен әрбір студент жіті оқып танысқан жоқ. Сондықтан, біз маңызды құжатты жастарға түсіндіріп жатырмыз.

Әлімхан Садыбан – Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің 1-курс студенті. Қазір құрылыс саласында білім алуда. Оның шәкіртақысы биыл 25 пайызға өскен екен. . Оған қоса, Әлімханды келер жылдан бастап кәсіптік-техникалық мамандықтарға тегін оқуға болатындығы қуантады.

Әлімхан Садыбан – студент:

-Президент жолдауында келесі жылдан бастап техникалық мамандықта оқыту тегін болатындығы айтылған. Бұл – жастарға үлкен қолдау.

Жалпы, қазір Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде 8 мамандық бойынша 1300-ге жуық студент білім алуда.

 

Култанов Байболат