Ауыл шаруашылығы

СҚО-да көктемгі дала жұмыстарына техникалар сайланып жатыр

Берік Дүйсембаев – “Сервис-Жарс” ЖШС қырнаушысы, Қызылжар ауданы:

-Мен қазір трактордың сайманын білдекпен жонып жатырмын. Менің ойымша, машина-трактор шеберханасында (МТМ) білдектер өте қажет. Техникаға қажетті бұйымдарды өзімізде жасау арқылы, саймандарға кететін шығынды азайтуға болады.

Бүгінде “СервисЖарс” серіктестігінде барлығы 20-дан астам ауылшаруышылығы техникасы бар. Компания басшылығы техкника паркінің 50 пайызын жаңартыпты. Тиісінше, көктемгі дала жұмыстары барысында техниканың сыну фактілері сиреп, маңызды науқанды уақытылы аяқтауға мүмкіндік бар дейді мұндағылар.

Ерлан Мажитов – “Сервис-Жарс” ЖШС бас инженері:

-Екі К-700 дайын. Қазір белорусь тракторларын жөндеп жатырмыз. Серіктестікте жалпы 20-дан сатам техника бар болса, бүгінде соның 90 пайызы көктемгі дала жұмыстарына дайын.

Жалпы биыл Қызылжар ауданында алты мыңға жуық ауылшаруышлығы техникасы тіркелген. Бүгінде соның 85 пайызы көктемгі дала жұмыстарына дайын екен. Қалғанын наурыз айының ортасына дейін жөндеп бітеміз дейді Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөліміндегілер.

Байжан Жанбеков – Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

 

-Қызылжар ауданында 1 300-ден астам трактор, 568 комбайн, 57 жоғары өнімді кешен бар. Бүгінде аудандағы агроқұрылымдарда техника-паркі айтарлықтай жаңартылған.

Бүгінде Қызылжар ауданы бойынша 19 трактор-машина шеберханасы (МТМ) бар. Бүгінде соның 14-і жұмыс істеп тұр. Ал қалғандарында нысан ішін жылытатын қазандықтар жоқ. Сондықтан ондағы жұмысшылар күннің жылуын күтіп отыр.


Берік Қасен