Спорт

Шаһар басшысы Марат Тасмағанбетов спортшылармен кездесті

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

-Ел Тәуелсіздігің 25 жылдығына арналған “Дені сау ұлт – спорттық Қазақстан” атты республикалық акция әр аймақта өтіп жатыр. Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың қолдауымен қаламызда хоккей және шағын футбол алаңдары салынды.

Облыс орталығында биылғы жылы қатарынан екінші рет шайбалы хоккейден әуесқойлар арасында қала чемпионаты өткізілуде. Онда 12 аула командалары бақ таластырып жүр. Өткен жылы осы жарыста Петропавл қаласының құрамасы оқ бойы озып шығып, бас жүлдені алыпты. Бүгінгі кездесуде қала әкімі сол командаға 21 хоккей формасын сыйға табыстады.

Алексей Воронов – “Авангард” хоккей командасының капитаны, Петропавл қаласы:

-Спортқа көңіл бөлініп жатқандығы тамаша. Бүгін бізге хоккей формаларын сыйға тартты. Ол әрине бізді қуантады. Бұған дейін өз қаржымызға сатып алатынбыз. Хоккейшілер киімі өте қымбат тұрады. Осындай көмекке алғысымыз шексіз.

Бүгінде бұқаралық спортпен қалада 57 мың 481 адам айналысады. Оларға арналып жаз айында 14 жаңа шағын футбол алаңы салынып, жалпы білім беретін мектептердің жанындағы 6 алаң қайта жөнделді. Қала тұрғындарының өтініші бойынша 3 жерде дала тренажерлары орнатылды. Бір сөзбей айтқанда спортпен айналысуға барлық мүмкіншіліктер жасалынған.

Степан Башкиров – Ұлы Отан соғысының ардагері:

-Біздің кезімізде спортпен айналысу қиын болды. Қазір барлық жағдай жасалған. Мен өзім жасым 90-ға жетсе де күнде таңертең денемді шынықтырып, 4 шақырым жер жүремін. Суық суға шомыламын.

Кездесу барысында ардагерлер қауымы еліміздің ертеңі – жас спортшыларға “Құлагер” хоккей клубының эмблемасы бар кәдесыйларды тарту етті.

Сәбит Ибраев – “Балдырған” хоккей командасының ойыншысы:

-Қала әкімі Марат Тасмағанбетов спортқа, әсіресе хоккейге көп көңіл бөледі. Біз үшін корттар салынды. Ол әрине қуантады.

Жиын соңында шаһар басшысы Марат Тасмағанбетов шайбалы хоккейден қала чемпионатының соңында үздік ойыншыларды марапаттауды ұсынды.

 

 

Риат Шони