МТРА жаңалықтары

“ҚР сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия” РҚБ облыстық филиалы жұмысын бастады

Сергей Худяков – “ҚР сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия” РҚБ өңірлік филиалының жетекшісі:

-Кәмелет жасына толған кез келген азамат байқылаушы бола алады. Әрбір ерікті -байқаушы “ҚР-дағы сайлау туралы” ҚР-ның Конституциялық заңын, сайлау барысындағы өз функцияларын білуі тиіс. Дауыс беру үрдісіне араласпауы қажат. Сайлау науқанының өтуіне ат салысқаны үшін ерікті-бақылаушыларға төрт мың теңге төленеді.

Бақылаушы сайлау барысын сырттай бақылап, бюллетеньдерді санау, дауыс беру нәтижелерін рәсімдеуге қатыспайды. Тек комиссия мүшелері мен дауыс берушілерден кеткен олқылықтарды күнделігіне түртіп, кейін соның негізінде хаттама толтырып, оны Астана қаласындағы бас кеңсеге жөнелтеді. Бір сөзбен айтқанда, бақылаушы сайлау кезінде барлық үрдістің заңды өтуін қадағалайды.

Ақ-Ләйлек Жаукина – “ҚР сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия” РҚБ өңірлік филиалы комиссиясының мүшесі:

-Комиссия мүшелеріне үлкен жауапкершілік артылып отыр. Біз бір жағынан өңірдегі барлық 700-ден астам ерікті-байқылаушылармен үнемі байланыста болу керекпіз. Және олардың қателік жібермеуіне жауаптымыз.

Ақпанның 20-сынан бастап өңірімізде барлығы 709 сайлау учаскесі жұмысын бастайды. Әр сайлау учаскесіне бір-бірден ерікті-бақылаушы бекітіледі.


Берік Қасен