Балалар

Петропавлда жас суретшілердің байқауы қорытындыланды

Роза Тасымова – байқау жеңімпазы:

-Суретімде ұл және қыздың жымиып тұрған дидарларын салдым. Ал, картинамның үстінде экстремизм қаупін көрсететін құзғындарды кескіндедім.

Дәл осы сурет байқаудың бас жүлдесіне ие болды. Қазылар алқасы туындыларды бағалағанда тақырыптың ашылуын, қандай бояулар қолданғандығын ескерген.

Лидия Гирко – қазылар алқасының мүшесі:

-Суреттер бірінен-бірі өтеді. Өзіме жас қылқалам шеберлерінің туындылары қатты ұнады. Барлық байқау қатысушылары өз қиялдарына ерік беріп, экстремизмге қарсы күресті жақсы кескіндеген. Бізге шындығында да үздікті анықтау қиын болды.

Жалпы, бұл байқауға 32 жұмыс қатыстырылған. Одан іріктеліп алынған 6 суреттің авторлары мақтау қағаздары және ақшалай жүлдеге ие болды.

 

 

Култанов Байболат