Спорт

Петропавлда “Полиция барысы-2016” жарысы өтті

Дамир Бекмурзин – СҚО ІІД аға инспекторы:

-Биыл бұл жарыс екінші рет өткізілуде. Басты мақсатымыз ұлттық спортты насихаттау. Биылғы сайыста спортшылар саны біршама көбейді. Жеңімпаздарға арнайы сыйлақтар табысталып, диплом және грамоталармен марапатталады.

Сонымен жарыс басталды. Боз кілемге алғашқы болып, тәртіп сақшылары Сансызбай Байзақов пен Ерік Күлжан шықты. Әне-міне дегенше 15 секунд ішінде көк жейдедегі СҚО ІІД қызметкері Ерік қарсыласы Сансызбайды таза жеңіспен ұтты.
Ал келесі күрес аққайыңдық Алмат Галиев пен петропавлдық Нұржан Атекешов арасында өтті. Белдесу басталмай жатып-ақ, қызыл киімдегі спортшыға уақытында шықпағаны үшін ескерту жасалды. Осылайша Нұржан бүк әдісін еншіледі. Кейін шаһар намысын қорғаушы қарсыласы Алматты бірнеше рет жамбасқа салуға тырысып бақты. Нәтижесінде ол діттеген мақсатына жетіп, боз кілемнен жеңімпаз боп қайтты.

Ал мына белдесуде өткен жылғы «Полиция барысы» атанған Азат Шәукеров сыналды. Бірақ чемпион атағын беруге көк жейделі азамат әлі асығар емес. Өйткені ол ақжарлық қарсыласы Ақиқатты небәрі 20 секундта тізе бүктірді. Бұл қарқынды спортшы келесі ойындарда да сақтап қалмақ.

Азат Шаукеров – СҚО бойынша МКҚБ полицейі:

-Биылғы жарыс әсл қиындау. Қарсыластар мықты. Бірақ биыл да жеңімпаз болуға үміттімін.

Аталмыш жарысқа өңіріміздің 13 ауданы мен облыс орталығының 40-қа жуық тәртіп сақшысы чемпион атағын алу үшін күресті.

 

 

Айгерим Ержанова