Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавл қаласы әкімінің халық алдындағы қорытынды есептік кездесуі өтті

Атап айтсақ, “Қызылжар су” серіктестігі Мир, Жамбыл көшелеріндегі транзиттік құбырларды ауыстырып, азаматтардың сұрауы бойынша кәріздік құдықтарды тазартқан. Сондай-ақ, сол күні-ақ “Петропавл жылу желілері” компаниясы аяқсыз қалған шаруаларын тындырып, олқылықтарды түзетті.
Осыны айта келе Марат Тасмағанбетов әкімдікке жазылған жазбаша хаттарды оқып, азаматтардың сұрақтарына бірден жауап берді. Көбі жол мәселесін қозғапты.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

-Тұрғындардың сұрауы бойынша Жуков – Нель Болатбаев – Юбилейный көшелеріне орташа жөндеу жүргіземіз. Биыл қала жолдарын жөндеуге 1 млрд. теңге бөлінді. Сенная – Космодемянская – Лопкова – Пугачева көшелеріне қиыршық тас төселеді. Үстіміздегі жылы шаһарымызда 45 аулаішілік жолдар қалпына келтіріледі.

Жазбаша хатта 19-шы шағын ауданның тұрғындары 8 бағыттық автобус жүргізушілерінің үстінен шағым түсітрді. Жұмысшы кентінің тұрғындары салқын суды үйлерін тартып алуға рұқсат сұрады. Ал Береке шағын ауданында 50 адамға арналған қоғамдық монша пайда болады. Спорт сарайында мәнерлеп сырғанаудан үйірме ашылып, білікті жаттықтырушы жұмысқа алынды.

Жиында тұрғындар облыс әкімі Ерік Сұлтановқа тозығы жеткен су, жылу құбырларының жиі істен шығатынын айтты. Аймақ басшысы құбырлардың тозу көрсеткішін төмендету бағытында бірқатар жұмыстар қолға алынады деді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Бүгінде қала бойынша магистарльді жылу құбырларының ұзындығы 86 шақырым болса, соның 88 пайызының тозығы жеткен. Қазір біз жаңа технологияларды қолданып жатырмыз. Құбырларды жылу изоляциялық жабындылармен қаптап жатырмыз. Бұл құбырдың жер астында 50 жылға дейін бүлібей жатуына мүмкндік береді. Жоспар бойынша 2019 жылға қара біз жылу құбырларының тозу көрсеткішін 60 пайызға дейін төмендетпекшіміз.

Енді бірі кәрі, ауру ағаштарды кесіп берсе дейді. Зейнеткерлер ас атасы нанның сапасына сын айтты. Екі күн тұрып көгеріп кетеді деді. Осы күні жолдың жайын қозғағандар да болды.
Бес бірдей есептік кездесуде көтерлген мәселелерді Марат Тасмағанбетов қала әкімдігі жанынан құрылған комиссиялардың мүшелерімен жіті талқылап, қаражатты маңызды проблемаларды шешуге бағыттаймыз деп жиынды түйіндеді.

Берік Қасен