Қоғам

«Жақсылық жаса» атты қайырымдылық акциясы өтті

Күлімкөз Смаилова- Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы облыстық аналар кеңесінің төрайымы:

-ҚХА 2016 жылды қайырымдылық жылы, қайырымдылық керуені деп жариялаған болатын. Сондықтан 1 жыл бойы игі істер жасалады деген үміттеміз. Осының алдында Әл-Фараби мектеп лицейінің ұжымы, оқушылар мен ата-аналар 128 мың 300 теңге қаржы жинап, енді қайырымдылық қоржынын әрі қарай НИМ эстафетаны тапсырып отырмыз.

Ал залда концерттік бағдарлама ұйымдастырылыпты. Мұнда қаламыздың шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетуде. Еміне қаржы талап етілетін бүлдіршіннің бірі- Милена Темрик. Ол 4 айдан соң 3 жасқа толады. Қазір балғын облыстық туберкулезге қарсы диспансерде жатыр.

Жанна Темрик- Миленаның анасы:

-Қазір қызым стационарлық ем қабылдап жатыр. Ол сүйек туберкулезіне шалдыққан. Енді үйде ем-дом шараларымен қолдап, процедуралар жасау үшін оған гиппопротектор қажет. Дәрі-дәрмегі тағы бар. Қызымның әкесі де апатқа ұшырап, қазір жұмыс істей алмайды. Мұндай көмек бізге өте қажет.

Ал туғанына небәрі 6 ай ғана болған Анастасия Шарапова бауыр циррозына шалдыққан. Бүлдіршінге шұғыл түрде бауыр алмастыру қажет. Ондай отаның құны 3 млн теңге. Мәскеуде жасалуы тиіс операцияға отбасының қаржысы тапшы. Жалпы бүгінгі шара барысында мұндағылар 246 мың теңгеден астам қаржы жинаған. Оны екі жанұяға бөліп бермек.

 

 

Магжан Ахмадина