МТРА жаңалықтары

Петропавлда 200 адамға арналған мейрамхана ашылды

Ғимараттың таспасын облыс әкімінің орынбасары мен мейрамхана қожайыны Марат Сағынаев қиды.

Мұхтар Манкеев – облыс әкімінің орынбасары:

-Алдағы уақытта өңірімізде халықаралық жиналыстар өткізіліп, шет ел азаматтар көптеп келеді. Біз оларды жақсы деңгейде қарсы алуымыз керек. Осындай мейрамханалар тұрғындар мен шетелдік меймандардың сүйікті орнына айналады деген сенімдемін.

Бұл нысанның іші-сыртын белгілі қазақстандық дизайнер Анастасия Халина әсемдеген. Мұндағы барлық бұйым сәндеушінің талғамымен жасалған. Ол еден, терезе жақтаулары мен жиһаз түстерінің үйлесілімділігі мен даяшылардың киімдеріне үлкен мән беріпті. 200 адамға арналған мейрамханада ауқымды фуршеттер өткізуге болады. 30 орынға шақталған банкет залы мен вип бөлмесі тағы бар. Жалпы мейрамхана қожайындары осы ғимаратты қалыпқа келтіру үшін 40 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған.

Марат Сағнаев – “NordProdTrade” ЖШС құрылтайшысы:

 

-Ең бастысы біз 35 адамға жұмыс бердік. Олар өз ісін жақсы біледі. Ал тамақ мәзіріне келсек, майрамханада түрлі елдің тағамдары әзірленеді. Ол үшін мықты аспаздарды шақыртамыз. Және тағы айтарым, ас жергілікті шикізаттардан дайындалады. Арақ-шарап та отандық болады.

Қоғамдық тамақтану орнының әкімшілігі асхана мәзірін қонақтардың талғамына сай етіп түрлендіріп тұрамыз дейді. Осылайша олар меймандардың көңілін табуды көздейді. Ас мәзірінде ұлттық тағамдар да болады.

Берік Қасен