МТРА жаңалықтары

Петропавлда 12 мыңға жуық отбасы баспана кезегінде тұр

Марат Қайыпов – облыстық филармонияның әртісі:

-Мен де, менің жарым да мемлекеттік қызметтеміз. Баспана кезегінде тұрғанымызға 8 жыл болды. Жалақымның 50 мың теңгесі екі бөлмелі пәтерді жалдауға кетеді. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшыларға қоятын талаптарын білуге келдім.

Владимир Кожевников – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚОФ директорының орынбасары:

-Сіздің жағдайыңыз түсінікті. Кезекте тұрсыз. Енді сіз отбасыңызбен бірге біздің банк арқылы жалдамалы пәтерге қол жеткізуге болады. Егерде, пәтер кезегіңіз келіп, сіз тиісті ақыңызды төлей алмайтын жағдайда ғана бұл көмекке ие бола аласыз. Ақысы 1 шаршы метр үшін шамамен 100 теңгеге дейін барады. Бастысы біздің банктің салымшысы болу шарт.

Айта кеткен жөн, биыл «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшыларына «Береке» ықшам ауданынан 4 бірдей көпқабатты баспана берілмек екен. Сондай-ақ, 75 жас отбасы да ағымдағы жылдың ортасына дейін Гостелла көшесінде бой көтерген тұрғын үйге қоныс аудармақ.

Бауыржан Бейсембаев – Петропавл қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Баспанаға қол жеткізу үшін бізде бірнеше бағыт қарастырылған. Бірақ, көбі бір жобаға ғана қатысып, қайта-қайта соған өтінім береді. Сіздер барлық мемлекеттік бағдарламаға қатыса аласыздар. Әрине, егерде бәрі талапқа сай болса. Мәселен, жақында жаңа бағдарлама іске қосылады.

Бүгінде облыс орталығында 12 мыңға жуық отбасы баспана кезегінде тұр.

 

 

Айгерим Ержанова