МТРА жаңалықтары

Мүлікті заңдастыру 2016 жылдың соңына дейін ұзартылды

Есмағзұм Байбосынов – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

-Қаржыны заңдастыру екі жолмен жүргізіледі. Бірі – екінші деңгейлі банктегі шотқа аудару, екіншісі – «Қазпошта» АҚ-ның көмегімен. Және қаражатты рәсімдеуде биыл күшіне енген жаңа заң бойынша 10%-дық алым алынып тасталды.

Мүлкін заңдастырамын деген азамат жергілікті салық органына барып өтінім жазады. Тиісті жауабын мамандар 5 күн ішінде береді. Айта кету қажет, рәсімдеу үрдісі құпия сақталады.

Есмағзұм Байбосынов – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

-Жуырда бізге тағы бір өтінім келіп түсті. Қазір ол мамандардың қарауында. Барлық солтүстікқазақстандықтарды шет елдегі мүлкі мен қаржыларын заңдастыруға шақырамыз. Айта кеткен жөн, меншіктерін уақытылы рәсімдеген азаматтарды ешқандай орган қадағалап, жазаға тартпайды.

Ал меншігін салық органдарынан жасырмақ болғандар заң алдында жауап бермек.


 

Айгерим Ержанова