Спорт

Кикбоксингтен Солтүстік Қазақстан кубогы өтуде

Бауыржан Досжанов, Ауған соғысына қатысушы:

-Біз үшін бұл өте маңызды. Мұндай шараның өткізілгені бізді қуантады. Жастарға өзіміздің патриоттық тәрбиемізді береміз.

Сөйтіп, жарыс басталып та кетті. Қызыл бұрыштағы қостанайлық Жұмабек Иманбаев ә дегеннен басымдығын танытуда. 8 жастағы спортшы осы уақытқа дейін шаршы алаңда 13 кездесу өткізіп, 11-ін жеңіспен аяқтаған. Бүгінгі қарсыласы Ақмоладан келген Дәулет Жұмабай.

Жұмабек Иманбаев, жарысқа қатысушы, Қостанай қаласы:

-Ересектер тобында 67 кг салмақ дәрежесі бойынша жұдырықтастым. Тоқтаусыз дайындалдым. Соның арқасында басым түстім.

Шаршы алаңдағы қызу бақталастықты жалғағандар көшетаулық Артур Манцилинко мен жерлесіміз Амангелді Кәкенов. Көк дулығалы Амангелдінің қарсыласы екінші раундта-ақ ереже бұзып, төрешілер тарапынан ескерту алып үлгерді. Мұны сәтті пайдаланған ол қимылын үстей түсті.

Амангелді Кәкенов, жарысқа қатысушы, Солтүстік Қазақстан:

-Ол лайықты қарсылас бола алды. Бірнеше рет соққы жіберіп алдым. Жеңіліп қалам деп те үрейлендім. Мен раунд арасында демалғанда бапкерім қорғанысты қойып, шабуылға баса назар аудар деді.

Жарыста жас айырмашылығы бойынша 1999-1998 жылғы жас өсіпірімдер мен одан жоғары жастағы ересектер қолғап түйістіруде.

Әділ Нұржаупов, кикбоксингтен облыстың аға жаттықтырушысы:

-Біз спортшылардың арасынан ең мықты спортшыларды таңдап аламыз. Олар осылайша бір айдан кейін өтетін Қазақстан чемпионатына қатысу мүмкіндігін иеленеді.

Үш күнге жалғасатын спорттық сынның финалдық кезеңі осы жұманың сенбісінде өтпек.

 

 

Акбопе Танирберген