Спорт

Петропавлда жүзуден жасөспірімдер арасында ел біріншілігі бастау алды

Айдар Картпаев – Қазақстан Республикасының жүзуден мемлекеттік жаттықтырушысы, Астана қаласы:

-Жүзуден Қазақстан Республикасының ашық біріншілігінде жас спортшыларды танып-білуге толық мүмкіндік туады. Олардың шама-шарықтарын осындай жарыстарда байқаймыз. Әзірге, Алматы, Астана және Петропавл қалаларының жүзушілерін мақтай аламын.

Біріншіліктің алғашқы сайысы қыздар арасында өтті. Ең алдымен ортаға 10 мен 13 жас аралығындағы бұрымдылар шығып, 100 метрге баттерфлей әдісі арқылы жүзді. Мұнда теріскей намысын қорғаған Мария Николаеваның жолы болып қарсыластарынан басым түсті.

Мария Николаева – біріншілік қатысушысы, Петропавл қаласы:

-Мен 100 метрге жүзуде еш қиналмай жеңіске жеттім. Қарсыластарым мықты болды. Жаттықтырушымның айтқан әдістерін дұрыс пайдалана білдім.

Бұдан кейін ұлдар дәл осы 100 метрге суда жүзіп араларынан үздіктерін анықтады. Жалпы, Петропавлда ел біріншілігі 3 күнге жалғасады. Жарыс жеңімпаздары атанған спортшылар грамота және медальдармен марапатталмақ.

 

 

Култанов Байболат