Құқық қорғау органдары

Петропавл станциясы ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері есірткі затымен 3 азаматты құрықтады

Манарбек Нұрпеисов – Петропавл станциясы ішкі істер желілік бөлімінің бастығы:

-Шараның соңғы күні Астана-Петропавл бағытындағы №624-ші жолаушылар пойызын тәртіп сақшылары тексерген. Сол кезде вагондардың бірінде “Джек” есімді иісшіл иттің арқасында Петропавл қаласының тұрғынынан 2 түйіншекке оралған мариухана табылды. Тінту барысында жас жігіттің қалтасынан шөпті шегуге арналған құралда тәркіленді. Кейін анықталғандай азамат Смирново селосына әжесіне бара жатқан екен.

Қазір бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Егерде күдіктінің кінәсі дәлелденсе онда заңбұзушы 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе 60 тәулікке бас бостандығынан айырылады.

Тағы екі заңбұзушыны тәртіп сақшылары ақпанның бірі мен үші күндері қолға түсірген. Құқықбұзушының бірінен 0,22 грамм героин заты табылса, ал екіншісінен 0,39 грамм марихуана тәркіленіпті. Қазір қос факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ал жалпы жыл басталғалы вокзал аумағында 16 заңбұзушылық анықталып, барлығының ізі суымай ашылыпты.

 

 

Риат Шони