МТРА жаңалықтары

Нұр Отандықтар теріскейлік спортшыларға алғыс хаттар мен партиялық билеттер табыстады

Осыдан он шақты жыл бұрын шаршы алаңда қарсылас шыдатпаған жерлесіміз әлі де үлкен спорттан қол үзбепті. Ол қазір өзі қызмет ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Әскери институтында курсантарды ережесіз жекпе-жектен дайындайды. Оған бүгін облыстың дене шынықтыру саласына қосқан сүбелі үлесі үшін Нұр Отан партиясының жергілікті филиалының атынан алғыс хат табысталып отыр.

Мирас Брімжанов – кикбокстан әуесқойлар арасында екі дүркін әлем чемпионы:

 

-Спортты әлі де тастамаймыз. Дене шынықтырумен үнемі айналысамыз. Курсанттарды ережесіз жекпе-жекке дайындап жатырмын. Былтыр менің тәрбиеленушілерім ел біріншілігінде үздік нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ, жиында жерлес желаяқ қыз Маргарита Мукашеваға байрақты бәсекелерде үздік нәтиже көрсеткені үшін ТМД қатысушы-мемлекеттерінің парламент аралық Ассамблеясының атынан төсбелгі табысталды.

Бұған қоса отырыста теріскейлік 13 спорт саңлаққа “Нұр Отан” партиясының жергілікті филиалынан алғыс хаттар және 10 жерлесімізге партиялық билеттер табысталды.

Култанов Байболат