МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламаның арқасында 200 солтүстікқазақстандық баспаналы болды

Айжан Елиясова – Петропавл қаласы жұмыспен қамту орталығының директоры:

-Бұл бағдарлама 29 жасқа дейінгі тұрғындарға арналған. Олар мұнда 5 жылға дейін тұра алады. Жалға алу сомасы шамамен 2 мың теңгені құрайды. Коммуналдық ақысы да бар. Басты шарт бұл – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшысы болу.

Жарық, ыңғайлы әрі кең баспана. Бұл Төлеубаевтар отбасының 1 бөлмелі жаңа қонысы. Пәтердің кілтін олар қаңтар айының 15-нде алыпты. Ал 17-сі күні Сабина жары Дастан екеуі заттарын алып, жайлы жерге көшіп келген.

Сабина Төлеубай – Петропавл қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің дизайнері:

-Отбасын құрғалы біз пәтерді жалға алып тұрдық. Ақшамыз біраз шығындалатын. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы қызметке орналастым. Енді міне өзімізге жайлы, екеуімізге жететін жаңа жатақханаға көшіп келдік. Өте ыңғайлы. Әсіресе жастар үшін. Енді банкте өз пәтерімізді сатып алу үшін қаражат жинап жатырмыз. Бұйыртса, оған да көшерміз.

Айта кеткен жөн, бұл жатақханаларда бір бөлмелі 184, екі бөлмелі 16 пәтер бар. Оған 25 балалар үйінде тәрбиеленген қыз-жігіттер, 35 мемлекеттік қызметкер, 90 бюджеттік салада ал қалған 75-і жеке меншік компанияларда қызмет ететін азаматтар қоныстанған. Жалпы 2011 жылдан «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына 5 мыңға жуық адам қатысқан. Оның 2 мыңы 29-ға әлі толмаған жастар екен. Бүгінде олардың бәрі бірдей жұмысқа орналастырылыпты.

 

 

Айгерим Ержанова