Білім

Ұлт жоспары қызу талқылануда

Мүкарам Тайжанова- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ проректоры:

-Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін біздің университетте жоспар бекітілген. Біз заңтану мамандлағы бойынша студенттер шығарамыз. Солардың білім сапасын көтеру үшін ерекше көңіл аудардық. Екіншіден экономиканы жаңғырту. Үш тілділікке үлкен мән береміз.

Жиында сондай-ақ, 2016 жылдан бастап заңнамаға енгізілген өзгерістер және бармақ басты көз қыстылықпен күрес жайы да сөз болды. Кездесуге қатысушыларды әсіресе мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол беруі мәселесі толғандырады.

Рүстем Байжанов- ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы:

-Жемқорлыққа барған мемлекеттік қызметші ешқашан осындай жұмысқа тұра алмайды. Ал бұрынғы құжатта ол 3-5-7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін болатын. Ал қазір осындай қатаң заң қабылданып отыр.

Қазақстанды барынша дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін жастар жұмыла еңбек етіп, түрлі салалардың дамуыны үлестерін қосуы тиіс. Ал ең бастысы ел азаматтарының бірлігі мығым болуы шарт. Бұл жөнінде ұлт жоспарының 4-ші реформасында айтылған.

 

 

Магжан Ахмадина