МТРА жаңалықтары

Қызылжар ауданына қарасты Якорь орта мектебі биоотынмен жылытылады

Перизат Болатбек – Якорь орта мектебінің 9-сынып оқушысы, Қызылжар ауданы:

-Қазір біз барлығымыз жақсы оқимыз. Мектептегі оқу сыныптарының барлығы өте ыстық. Әсіресе, 7-інші бөлменің іші жылы. Бұдан біз сабақты жақсы оқи аламыз.

1975 жылы іргесі қаланған мектепте бұрындары ауа температурасы +20 градустан аспапты. Тіпті, нысанның кейбір оқу сыныптары мен спорт залы салқын болған екен. Ал, өткен жылдың қыркүйек айында іске қосылған жаңа қазандық қазір білім ошағын түгел жылытады. Заманауи қондырғының бір ерекшілігі егін сабандарымен жанады. Бұл өте үнемді.

Владимир Грачев – “Аби-Жер” ЖШС өкілі, Қызылжар ауданы:

-Жылу қазандығы Польша елінде жасалған. Пеш 5 мың шаршы метрге дейінгі аумақты оңайлықпен жылыта алады. Біздің өңірдің қысы суық болғандықтан бұл таптырмайтын зауанауи қондырғы. Ол сабанмен жанғандықтан пайдасы да мол. Яғни, орақ науқанынан қалған сабан өртенбей керегімізге жаратылады.

Жаңа пеш орнатылмай тұрғанда ғимарат көмірмен жылытылған екен. Көмір қымбат әрі ауаны ластайды дейді мұндағылар. Қазір жаңа қазандық үлкен шығынды талап етпейді. Сабан табиғи таза, әрі күлді көп қалдырмайды. Оған қоса тегін.

Сағындық Сүлейменов – Якорь орта мектебінің директоры, Қызылжар ауданы:

-Ленның сабанымен жағылады. Бір салғандар екі тюк саламыз. Ол 4 сағат жанып мектепті жылытады. Ал, күн суық күндері биоотынды жиі әрі көбірек жағамыз.

Жалпы мектепте 307 оқушы білім алуда. Оларға 45 мұғалім сабақ береді. Сондай-ақ, биыл Қызылжар ауданындағы тағыда 4 елді-мекендегі білім ошақтарына биоотынмен жанатын пеш орнату жоспарланған. Әзірге жаңа қазандық аудандағы Якорь және Асанова селоларында ғана бар.

 

 

Култанов Байболат