Құқық қорғау органдары

Петропавлда есірткі бизнесіне қатысты 5 жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Әнипа Мұсылманбекова – СҚО білім басқармасының бас маманы:

-Біз жастар арасында есірткі бизнесінің болмауын қадағалаудамыз. Шара аяқталғаннан кейін барлық нәтижелер кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жөнелтіледі. Кейін балалардың ата-аналары мен ойын-сауық кешендерінің иелеріне қатысты әкімшілік жаза тағайындалады.

Жалпы бір күннің ішінде полицейлер кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында заңсыз есірткі бизнесіне қатысты 5 іс анықтады. 4-уі нашаны қолданғаны үшін, ал тағы біреуі оны сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Риат Шони