МТРА жаңалықтары

Геролдь Бельгердің өмірден озғанына – 1 жыл

Зарқын Тайшыбай, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры:

-2005 жылы менің «Абылай» атты кітабымды қолына ұстап тұрып, көп шаруа бітіріпсің ғой деді. Біртуар азамат еді.

Марқұмды еске алу кешін «Видергебурт» неміс мәдени орталығы ұйымдастырды. Жиылғандардың назарына әдебиет зерттеушісінің ғұмырынан мағлұмат беретін сурет көрмесі ұсынылды. Мұнда кітаптары жайғастырылыпты. Герольд Бельгердің осы уақытқа дейін 50-ден артық кітабы жарыққа шыққан.

Эльза Шагимарданова, «Видергебурт» неміс мәдени орталығының мүшесі:

-Ол әр тілді құрметтей білді. Мен де осы жасқа келгенше қазақ тілін оқып келемін. Оны үйреніп алу оңай емес. Ал, Герольд Бельгер қазақша өз туған тіліндей еркін сөйлеген. Мен ол кісінің кітаптарын оқыдым. Соңында жазып қалдырған еңбектері – өшпес мұра.

Кешке жиылған зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері Герольд Бельгердің өмірбаяны мен еңбектерінің төңірегінде әңгіме өрбітті. Көзін көргендер әдемі естеліктерін ортаға салды.

 

 

Акбопе Танирберген