Денсаулық сақтау

“Сердечная” дәріханасында Елатом құрылғылар зауытының кезекті көрмесі ашылды

Батима Сайдалинова, Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

-Бізде Диамаг құрылғысы бар. Ол инсульттан кейінгі жағдайда қолдануға жақсы. Ұйқы режимі бұзылғанда да қолдануға таптырмас құрал. Паркенсон ауруы кезінде де осының көмегімен айығуға болады.

Ресейлік Еламед зауыты шығаратын “Алмаг” – құрылғысының денсаулыққа пайдалы екендігін естіген Борис Лукич ойланбастан қондырғыны сатып алуға келген. Ол мамандар кеңесін тыңдап, құрылғының қалай жұмыс істейтігін көруде. Бірнеше жылдан бері буыны сырқырап, мазасы кетіп жүрген зейнеткер енді аппараттың көмегімен үйде емделіп, денсаулығын қалыпқа келтірмекші.

Борис Лукич, қала тұрғыны:

-Алмаг-01 құрылғысы жайлы таныстарымнан естідім. Көршілерімізде де бар. Қолданып жүр. Буындарым ауырғасын алып, қолданып көрдім. Нәтижесі жаман болмады. Содан бүгін өзіме де сатып алуды жөн санадым.

Шипасы бар тағы да бір құрылғы “Унилор” деп аталады. Ол гайморит ауруын емдеуге көмектеседі. Тек ол үшін аппаратты 7-10 күн бойы үзбей қолдану қажет. Көрмедегі келесі бір қондырғы – “Мавит”. Ол ерлердің қуықалды безінің қабынуын емдеуге сеп болады.

Батима Сайдалинова, Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

-«Магафон» құрылғысы ағзаға төмен жиіліктегі магниттік өріс арқылы әсер етеді. Бұл құрал тірек-қимыл жүйесі аурулары, артроз, артрит, жүрек-қантамыр жүйесі, сонымен қатар кеуде сырқаттарына шалдыққанда қолданылады.

Үй дәрігері сериясындағы құралдарды ақпанның 8-і нен 12-і аралығында Қазақстан Конституциясы көшесі 2 мекен жайы бойынша орналасқан «Сердечная» дәріханасынан 10-12 пайыздық жеңілдікпен сатып алуға болады. Қосымша ақпараттарды 46-35-12 номері бойынша білуге болады.

 

 

Акбопе Танирберген