Мәдениет

Петропавлда “Күмістелген жел” атты көрме ашылды

Анастасия Рыжова – қолөнер шебері:

-Білезікті италияндық суретші Сальвадор Далидің еңбегіне қарап жасадым. Бұл менің курстық жұмысым болатын. Бастапқыда барлығы қиын болды. Сосын ойымды жинақтап бар білгенімді салғандықтан тамаша еңбек дүниеге келді.

Жас қолөнер шеберінің тағы бір ауыз толтырып айтарлық туындысы – мына “Үзік-үзік және жеңіл” атты картина. “Диптих” әдісі арқылы салынған суреттің ерекшелігі – мұнда теңіз жағасындағы қыз екі жерде де әртүрлі бейнеленгенімен бір мағынаны береді. Негізінен жұмыстардың барлығы ақ және көк түстермен салынған. Көрмені тамашалауға келген жастар Анастасия Рыжованың еңбектерінен мол әсер алғандықтарын айтады

Диана Ашимова – студент:

-Суреттер маған ұнады. Олардың барлығы нақышына келтіріліп салынған.

Жалпы “Күмістелген жел” атты көрмеде 13 көркем және графикалық суреттер қойылған. Бұдан бөлек 27 әшекей бұйымдар да бар. Көрме наурыздың 9-ына дейін жұмыс істейді.

 

 

Култанов Байболат