МТРА жаңалықтары

Петропавлда қалалық мәслихат депуттатығына 19 үміткер таңдалды

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

-Еліміз өткен жылды зор табыспен аяқтады. Елбасының салиқалы саясатының арқасында экономикамыз бен әлеуметтік сала жақсы дамып келеді. Бұл жетістікке жету үшін «Нұр Отан» партиясы өз үлесін қосуда.Барлығымыздың мақсатымыз бір. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Ертеңіміз бірлескен жұмысымызға байланысты.

Съезде бекітліген партия бағытын солтүстікқазақстандықтар бірауыздан қолдауда. Бүгінде елімізде кәсіпорындардың және отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін барлық жағдай жасалуда, – дейді “Мұнаймаш” АҚ директорының орынбасары Марат Әбілмәжінов. Былтыр аталған кәсіпорын 2,2 млрд теңге табыс тапқан. Ал биыл олар бұл көрсеткішті екі жарым млрд теңгеге дейін жеткізуді көздеп отыр.

Марат Әбілмәжінов – «Мұнаймаш» АҚ директорының орынбасары:

-Біздің кәсіпорын бүгінде 150 петропавлдықты жұмыспен қамтып отыр. Орташа жалақы 138 мың теңгені құрайды. Биыл әлемде орын алған қиын экономикалық жағдайға қарамастан біз жұмысшылар санын сақтаймыз.

Жиын соңында партия мүшелері “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының кезектен тыс өтетін конференциясына қатысатын 45 адамды таңдап алды.

 

 

Айгерим Ержанова