Спорт

Петропавлда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шаңғы марофоны өтті

Бауыржан Құлжанов – облыстық күрес федерациясының президенті:

-Спорттың әр адамға берер пайдасы мол. Біз өзіміз кейінгі толқын өкілдеріне үлгі болып, осындай іс-шараларға қатысуымыз қажетпіз.

Шаңғышалардың сайысы басталмас бұрын оларды облыс әкімінің атынан орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады.

Анархан Дүйсенова – облыс әкімінің орынбасары:

-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыруда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сіздерге мықты денсаулық, биік жетістіктерге жетілулеріңізді шын жүректен тілеймін. Ел Тәуелсіздінің 25 жылдығына арналаған шаңғы марафонын ашық жариялаймын.

Осыдан соң 36 жастан асқан ерлердің бәсекесі басталды. Оларға ереже бойынша 1 шақырым жолды жүріп өту қажет болатын. Бұдан кейін 29 жасқа дейінгі жігіттер де бақтарын сынады. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шара соңында нәзік жандылар аяқтарына шаңғы іліп, 500 метрде өз мүмкіндіктерін байқап көрді.

Арайлым Қалижан – марафон қатысушысы:

-Біз мұнда таңертеңнен келіп шаңғы тептік. Жастардың әрқайсысы салауатты өмір салтын сақтауы қажет.

“Дені сау ұлт – спорттық Қазақстан” атты республикалық акция аясында ұйымдастырылған шаңғы марафонының жеңімпаздары мақтау қағаздары және медальдармен марапатталды.

 

 

Култанов Байболат